«Педагогикалық кеңес: бірлескен жұмыстың жаңа серпіні» » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогикалық кеңес: бірлескен жұмыстың жаңа серпіні»
31
октябрь
2025
+1

«Педагогикалық кеңес: бірлескен жұмыстың жаңа серпіні»

Мектепте педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында оқу-тәрбие жұмысының барысы мен нәтижелері жан-жақты талқыланып, алдағы уақытқа арналған міндеттер айқындалды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын арттыру бағытында құнды ұсыныстар айтып, бірлесе талдау жасады. Педагогикалық кеңес ұжымның бірлескен жұмысына жаңа серпін беріп, тың идеялардың жүзеге асуына жол ашты.

Кеңесті мектеп директоры Басканбаева С.Д. ашып, мұғалімдерге оқу сапасын жақсарту, тәрбие жұмысын жетілдіру және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Оқу ісі жөніндегі орынбасары Елубаева Г.Е. білім сапасы, оқушылардың үлгерім деңгейі және тоқсандық қорытындылар жөнінде баяндама жасады.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нүсіпқан Қ. оқушылардың тәртібі, мәдениеті, сыныптан тыс белсенділігі және тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Сонымен қатар, жақында өткен семинарлардан оралып, өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер баяндама жасап, әріптестеріне жаңа әдіс-тәсілдерді таныстырды. Олар:
– математика пәнінің мұғалімі Нүсіпқан Қ.
– биология пәнінің мұғалімі Бадырай П.
– физика пәнінің мұғалімі Қайратқызы Дина
– қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рысбекқызы М.

Бұл педагогикалық кеңес мұғалімдердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған маңызды басқосу болды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив