Республика күні – ұлт мерейін асқақтатқан мерекелік шара
Республика күніне арналған іс-шара өтті Ынталы орта мектебі базасында Республика күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды күн елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін дәріптеп, жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухын қалыптастыруды мақсат етті. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталып, елеулі кезеңдерге шолу жасады. Патриоттық әндер шырқалып, жүректен шыққан өлеңдер оқылып, ұлттық нақыштағы әсем билер