«Педагогикалық тандем-2023» байқауы өтті » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогикалық тандем-2023» байқауы өтті
15
ноябрь
2023
0

«Педагогикалық тандем-2023» байқауы өтті

15 қараша күні Ынталы орта мектебінде тәлімгерлер мен жас мамандар бірлескен «Педагогикалық тандем-2023» байқауы өтті. Жас маманның жаңа еңбек ортасына бейімделуін қамтамасыз ету, жаңа еңбек ету ортасы мен оқу орнына деген сүйіспеншілік, құрмет, жас маманға әдістемелік көмек көрсетуді, тәлімгерлер мен ұстаздар арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, жас мамандар үшін дәстүрлі емес ашық сабақтар, семинарлар, тренинг, пікірталас өткізуді жүзеге асыруды мақсат еткен байқауға барлығы белсене қатысып, өз білімдерін саралады.
Әрине, бұл байқау арқылы жас маманның педагогикалық әрекетін сараптау нәтижелері, олардың жоғары оқу орындарында меңгерген теориялық педагогикалық-психологиялық білімдерін, жаңадан келген жұмыс орындағы алғашқы жылында іс жүзінде пайдалануына көмек көрсету. Жас маманның жаңа еңбек ортасындағы алғашқы жылда теориялық білімін сақтап қана қоймай, оны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсете алдық деген ойдамыз.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,-демекші өзімізге артылған жүктің ауыр екенін сезіне білуіміз тиіс. Мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды. Бірақ мектептерде жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Сол арқылы оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, әрбір сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, парасатты жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Міне біз осы тұрғыдан өз мүмкіндігімізді пайдаланып, жас мамандарға даңғыл жол нұсқап отырмыз. Жаңашыл, кәсіби құзыреттілігі жоғары, шығармашыл ұстаздық өреге ұмтылған жас мамандардың соңғы мәредегі нәтижесі де жаман емес.
Екі ензеңге жоспарланған байқау қорытындысы бойынша;
I Орын- Қабыл Таңжарық (Химия пәні)
Тәлімгері: Бадырай Пазилә
II Орын- Қайратқызы Дина (Информатика пәні)
Тәлімгері: Нүсіпқан Қайсарбек
II Орын- Талғатқызы Арай (Тарих пәні)
Тәлімгері: Айтмұхамбетова Динара
III Орын- Ерзатқызы Дидар (Ағылшын тілі пәні)
Тәлімгері: Сағымбекова Айжан
III Орын- Тұрдақынова Мадина (Ағылшын тілі пәні)
Тәлімгері: Қалқабаева Жанар


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив