Қамқоршылық кеңесінің жиналысы өтті » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің жиналысы өтті
14
сентябрь
2023
0

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы өтті

«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңесінің

1 хаттамасы

14.09.2023 жыл 

Барлығы: 7

Қатысқаны: 7 

Күн тәртібінде: 

  • 2023-2024 оқу жылының Қамқоршылық кеңес жұмысының төрағасы мен мүшелерін сайлау. 
  • «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
  •  Қамқоршылық кеңестің жылдық жұмыс жоспарын құру. 


Тыңдалды: 

Бірінші мәселе бойынша 2022-2023 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Джайсембаев Бірллік  сөйледі. 

Ол өз сөзінде 2023-2024 оқу жылының басталуына байланысты Қамқоршылық кеңес жұмысының әрі қарай жанданып, жалғасуы керек екенін атап өтті. Жиналысқа қатысушыларды отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің құрамына кімдер  енеді және төрағалық жұмысын өзгерту керек пе? Керек емес пе? және олардың  функционалдық міндеттеріне  тоқталып өтіп,  қамқоршылық кеңесінің құрамына кіруге өтініштердің  қабылданғанын айтып, тізімге байланысты жеке тоқталып өтті. ҚР Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгі қағидаларын» қолданысқа алып, жүзеге асыруды негізге ала отырып, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамының өзгеруіне байланысты төмендегідей мүшелер құрамын ұсынды: 

Джайсембаев Бірлік– Тарлан спорт кешенінің директоры

Нүсіпқан Қадырсұлтан-Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Қажыбаева Гүлзира – Ынталы ауылдық медик қызметкері

Берикболова Анар – ата-аналар комитетінің төрайымы

Мұхамед Шаймардан –ауыл имамы

Сансызбаев Дархан – Ынталы ауылдық учаскелік инспекторы

Рита Мұратқызы-Ынталыы ОМ психолог маманы

Ұсынылған үміткерлер Қамқоршылық кеңес құрамына еніп, осы мүшелік құрамына Джайсембаев Бірлік  Қамқоршылық кеңес төрағасы болып қайта бекітілді. 

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кеңес төрағасы Джайсембаев Бірлік жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында  оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесімен  таныстырып, талқылады.  Қамқоршылық кеңесі бірге басқарудың  қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және  білім беру жүйесіндегі қолдау жасауға  қосымша қаражат тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп,  міндеттеріне тоқталды. 

1. Мектептің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету;

   2. Білім үрдісін жетілдіруге,  білім сапасын арттыруға, оқу-материалдық және техникалық базасын жақсартуға қатысу;

  3. Мектептің   қаржы, материалдық және қолдаудың басқа түрлерін жүзеге аыруда күш-жігерді біріктіру, қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды тарту;

   4. Білім үрдісіне қатысушылар құқығының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Жарыс сөз: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Нүсіпқан өз сөзінде қамқоршылық кеңес үкіметтік емес ұйым болып табылады. Дегенмен жұмысы ауқымды болып келеді. Қашықтықтан болса да  қоғамдық шаралар, оқыту үдерісінде өткізілетін қоғамдық-мәдени шараларды бақылайды, қадағалайды. Бүгінгі таңдағы қамқоршылық кеңестің міндеті – қосымша қаражат көзін қарастыру, материалдық-техникалық базасын көтеру. Қамқоршылық кеңес акциялардан түскен қаржы, қайырымдылық шоттарға аударылатын қаржыларды бақылауда ұстайды. Жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсететінін атап айтты. Қамқоршылық кеңестің «Мектепке жол», «Қайырымдылық» сынды акцияларына оқу процесінде аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және жетім балаларға бюджеттен тыс қаражат есебінен қайырымдылық қорларын ұйымдастырады. Оқушылардың сабаққа қатысуын және тәртібін бақылауға алуға көмектесу, оқушылардың әлеуметтік картасын жасақтауға көмектесу, жетім , жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, АКТ жасауға көмектесу. Қамқоршылық кеңесіне оқушылардың болашағы үшін аянбай, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.   Қамқоршылық кеңесітің рөлі маңызды, балаларды ұйым болып, қоғам болып тәрбиелеуге ұсыныстар берілді.         

Үшінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Джайсембаев Бірлік кеңес мүшелеріне презентация 2023-2024 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын таныстырды. 2023-2024 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары тыңдалып, бекітілді. Болашақта мектептің ішкі-сыртқы қоғамдық жұмыстарына белсене  қатысып, араласып,  мектеп ұжымымен  тығыз байланыста болатындығы туралы  айтты. 




Шешім

  • 2023-2024 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңес жұмыс жоспары бекітілсін. 
  • Қамқоршылық  кеңес мүшелерімен жүргізілетін  жұмыстар жүйелі  атқарылсын. 



Қамқоршылық кеңес төрағасы                Джайсембаев Б

Мүшелері: 

Нүсіпқан Қадырсұлтан

Қажыбаева Гүлзира

Берикболова Анар 

Мұхамед Шаймардан 

Сансызбаев Дархан 

Рита Мұратқызы




Хатшы                Қ.Нүсіпқан


Похожие публикации:

23 сентябрь 2022 Қамқоршылық хаттама
01 сентябрь 2022 Қамқоршылық жоспар
01 сентябрь 2022 Қамқоршылық бұйрық
23 сентябрь 2021 Қамқоршылық кеңес
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив