24
май
2023
Далалық зерттеу іс-әрекеттері ұйымдастырылды
Далалық зерттеу іс-әрекеттері арқылы өлкеміздің туристік-өлкетанушылық, әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеп тану мақсатында 2023 жылдың 24 мамырында Алакөл ауданында «География пәнінде туристік-өлкетанушылық, далалық зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында семинар жұмысын Ынталы ауылының су қоймасында мектебіміздің география пәні мұғалімі Мерекенова Айнұр практикалық сабағымен жалғастырды. Практикалық жұмыс аясында география сабағымен ұштасқан далалық қауіпсіздікті сақтау және табиғат аясында білім алушылардың шеберліктерін шыңдауға бағытталды.
Аталған шараға жалпы орта білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдері мен аудандық география пәні ассоциация мүшелері қатысып өз бағаларын берді.