"Тіл және Тәуелсіздік" туралы өлең-жырлар » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тіл және Тәуелсіздік" туралы өлең-жырлар
13
сентябрь
2021
0

"Тіл және Тәуелсіздік" туралы өлең-жырлар

МӨЛТІЛДЕК ТАМШЫЛАР

(Тіл туралыл)


«Ар алдында  мен өзімді әрдайым, дар алдында тұрғандай-ақ сезінем»


-Сәкен Иманасов


Қосылып ап жаңбырға,

Жылап тұрмын тағы міне тағдырға.

Ісінді көз, шақшадай бас айналып,

Күрмеліп тіл, қала беред байланып.

Көп тобырдың өсегіне шалынам,

Кер заманның көлшігіне лайланып.


Шерлі тамшыдан,

Мендік мұң, ауырлау сияқты жаншыған.

Ішіме У да салған, күйікті дерт, 

Бостандыққа келем әйтеу иық тіреп.

Ғазал өмір, алтын беріп алдаса да,

Туған тілден артық не бар биіктірек?!


Жоқ еді, қылмысым,

Өлсем өлем, сен самғашы, жыр құсым!

Түйреп өтсін найзағай от жебесі,

Ұлтым үшін сөгілсін саусақ көбесі.

Тамырымда шымырласа Түркі қан,

Көкте де жүзер, ұлы рухым   кемесі.


Дүние, қызыл ғұмыр,

Сүйеді алдап, арбап  жүзімді іңір.

Мәңгүрттенсе бәз біреу қамығамын,

Зарлы жырмен өмірге шағынамын.

Шырылдаған сәбидейін жас жүрекпен,

Сүлейін Сұңқар сөздің сағынамын.


Бұл емес, мекенім!

Аспан жаққа алас ұрып кетемін.

Мені көп қинаған тілімнің зарығы,

Мені көп қимаған Ұлы ғұн сарыны.

Мылқау түн құлағын қалқитып қараса,

Сүйеді оны да өлеңім жарығы.


Өзгерген пошымым,

Сұстыдай көлеңгем, үрейлі осы күн.

Көлгір уақыт көңілімді сан меңдеткен,

Мен үшін де аспан жасын селдеткен.

Сөз төркінін түсінетін жан болса,

Іздемес ем бір пейішті жер-көктен?!


Аластап даламды,

Сосын Бөрідей жалаймын жарамды.

Дінімді көмеді,   шеңгелі сұмдардың,

Тілімді күтеді,  ирімі құмдардың.

Тарихым талқыда, талықсып кетем мен,

Сұлбасы кезеді   түсімде Ғұндардың.


Уа, бостандық, қастерлім!

Неге сынап жанарыма жас бердің?

Жалған сөздер суарады семсерді,

Зілдей қоғам, басып алмақ еңсемді.

АР алдында енді өзімді жоғалтсам,

ДАР алдында күнім   осы , ең соңғы!


Баласы, байрақ күннің,

Намысымды шаршы топқа байлап кірдім.

Лағыл іздеп сәби үнді шырылдан,

Ығай іздеп құс қанатты суылдан.

Мың өліп, мың тірілем, әлі қанша?

Беу, дүние-ай, Хамелеондай құбылған.



Нүсіпқан Қадырсұлтан





Тілді жерлеу


Пәруана-жүрегім мұздаған,

Кейуана-көкірегім сыздаған.

Өлмеген тілдерді көргенде,

Өзімде түк жоқтай қызғанам.


Ірілік байқалар сөзінен,

Бабамнан жылылық сезінем.

Амал не шаршаған осы күн,

Жас тамар, ана тіл көзінен.


Өзгерген Түркі дүр реңім,

Мен рас, У іштім білемін.

Неткен бұл бақытсыздық ед,

Табам ба?  тіліме бір емін.


Ұялам жазықсыз құдайдан,

Жабығам мүжіген күн-айдан.

Тілімнің тұлпары шідер де,

Жанымды кім ұғар мұңайған.


Кеудемнің ішін дерт емген,

Таңдайым ол да өртенген.

Жерлеймін десең тілімді,

Өлемін бірге ертең мен!


Нүсіпқан Қадырсұлтан




ТӘҢІР БЕРГЕН, ТӘБӘРІГІМ !


Ызғарындай лебі кеп күзгі желдің,

Тіл дегенде шыр-пыр боп үздігемін.

Азаттығы  аңқып қанша тұрсадағы,

Тілі шұбар неге осы  біздің елдің?


Салмау-салмау бұлт жылар ма аспандағы,

Дала тілі, ол-ЕЛДІК баспалдағы.

Пәруана-жүрек, кейуана-көкірегім-ай,

Бұл қазақтың таймағай бастан бағы.


Тілсіз, дінсіз кетердей  ғасыр мәні,

Қанша мәңгүрт қалғып жүр қасымда әлі.

Сайқал уақыт, санама У сап жатыр,

Сілкіп өтші, сұңқар тектім жасындары.


Кетпесе екен, ел тозып,  іріп іргем,

Ұлт тағдыры мен үшін тілім бірден.

Азаттығын Алаштың айта алмаса,

Тілсіз күнім, не тәйрі   тірі мүрдем.


Қамбар жұрттың сөндірме  өртін, отын,

Қанжар тілмен НАМЫС бар серпілетін.

Тәңір берген, Тәбәрігім осы шығар?

Туған тілім, тарихым ол шертілетін.


Бір кемдікке қапа боп кенен кеудең,

Ой салмаймыз неге осы тереңдерден.

Менің тілім өледі-ау, күйіктеніп,

Сөз қадырін  түсінбес кереңдерден.


Шүлдірлесе кейіп жаны ұнатпаған,

Тектілер-ай, берен тілге тұрақтаған.

«Өлімнен ұят күшті»,-деген сүлей,

Туған тілін ТУ қылып құлатпаған.


Ұлы тілмен боздап жатыр, кер далам,

Өгей өмір,  берме енді шер маған.

Жан дұғамды АНА тілмен сұраймын,

Сақта Құдай, тыныштықпен елді аман?!



НҮСІПҚАН ҚАДЫРСҰЛТАН




Тіл мен Тәуелсіздік-егіз ұғым!


Тіліме менің бүкіл әлем тамсанған,

Бейбарыс ханда осы тілде жар салған.

Қазақ тілі, ғажап тілі қашанда,

Шаршамаймын ұлылықты аңсардан.


Өтті бастан аш-жалаңаш кездерім,

Құлдығында жүрдім кеше өзгенің.

Аллаға шүкір, азаттығым тиген соң,

Өз биігіме шығып келем көз көрім.


Санамда тарих, сілкініп дүр жаңғырған,

Отымды нұр, Абайда неше жандырған.

Алмастай тілмен азаттығым болмаса,

Мен жетіммін, пана таппай қаңғырған.


Жол бұралаң, қалма сонда  шалдығып,

Сен шаршама, жетелесін таңғы үміт.

Ұлтың  үшін өгейсіп ой кешпеші,

Сабырыңды қойма  әсте  алдырып.


Рухым ұлы жүрегімде  қоздаған,

Баға жетпес тарихым бар  тозбаған.

Сарарқамда Елордадай  шаһар бар,

Орта Азияда бұдан ешкім озбаған.


Бұл алашқа бүкіл әлем  тамсанған,

Қазақ осы есігін ашып қарсы алған.

Тіл мен Тәуелсіздігі егіз тұрғанда,

Шаршамайсың  күні-түні аңсаудан!!!



Өмірханқызы Балжан

Ынталы ОМ


ТІЛ және ТӘУЕЛСІЗДІК


Жай қарама, жалын атар жарықпын,

Өрге шықпай келмес сірә жалыққым.

Ана тілмен азаттықты жырлап мен,

Нардай жүгін көтеремін халықтың!


Адалдыққа ауады тек   назарым,

Тарқамасын Тәуелсіз ел базарым.

 Ұлы өлкем, сенде тудым арман жоқ,

Сарқылмасын бақ-береке қазаным.


Ұлтым үшін ауырса да шар басым,

Сүйреп келем  ұлы рухым  арбасын.

Сумақы ойлар үмітімді сөндірмес,

Жүрегімнен жыр дұғалар сарнасын.


Қаным жатыр тамырда қайнап-тасып,

Жыр кеудемді тұрады айбат басып.

Өмір көріп, өркендеп келемін мен,

 Бірде жазық, бірде  тайғақты асып.


Қасқа таңға үмітін жанып алған,

Қол бұлғайды болашақ сағым арман.

Азаттығын ана тіл айта алмаса,

Мен боламын ертеңге шағынар жан.


Жақсы іске жастар көп жатылмаған,

Рухың құрсын, арыстан боп атылмаған.

"Мәңгілік елім"   үшін қай-қашанда,

Тіл мен Тәуелсіздігім жақын маған.


Айтарымды жасқанбай тіліп өрем,

Кең дүниенің ғажабын біліп өлем.

30 жылдың қадырын сезбесеңіз,

Абайдай менде жалғыз күңіренем.



Жасымнан, өрге серпіп, тасыр қаным,

Жан күйер, Сіздерден жоқ жасырарым.

Алладан  дұға сұрап Алашыма,

"Мәңгілік ел" болуға асығамын?!!


Ниазбекқызы Балғын



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив