Біз туралы » Страница 3 » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім күні құтты болсын!
02
сентябрь
2025
Білім күні құтты болсын!
2025 жылғы 2 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім, мейрім мекені»  тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді.  Жиын сағат 8.00-де басталып, 8.45-те аяқталды.         2025-2026  оқу жылына  Ынталы орта мектебінің табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 сыныптардың 20  бүлдіршіндері сынып жетекшісі Темиргалиева Адия ортаға шақырылды.  ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.    Салтанатты жиынға Ынталы ауылдық округ әкімі Дәулет Дәуренұлы қатысып, бүлдіршіндерді құттықтады.     2025-2026  оқу жылының
Үздік мұғалім- мектеп мақтанышы
26
февраль
2026
Үздік мұғалім- мектеп мақтанышы
Құрметті Асанова Арайлым Талғатқызы! Сізді «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында жүлделі ІІ орын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен тынымсыз еңбегіңіздің, шәкірттерге деген ыстық ықыласыңыздың айқын дәлелі. Білім беру саласындағы табыстарыңыз бен шығармашылық ізденістеріңіз әрдайым биік белестерден көріне берсін. Сізге мықты денсаулық, толағай табыс, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Шәкірттеріңіз Сізбен әрдайым мақтана берсін!!!
Тәрбие сағаты
02
сентябрь
2025
Тәрбие сағаты
Ынталы орта мектебінде " отаным - Қазақстан" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Отан – әр адамның туып-өскен жері, кіндік қаны тамған топырағы. Біз үшін ол – бай тарихы бар, кең-байтақ даласы бар, тәуелсіздігіне қастерлі Қазақстан. Қазақ елі ежелден еркіндік пен бірлікті жоғары бағалаған халық. Бабалар аманат еткен жер мен елді сақтау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Қазақстан – бүгінде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін бейбіт мемлекет. Елордамыз – Астана күн сайын
Жас өнерпазға алғыс хат табысталды
17
март
2026
Жас өнерпазға алғыс хат табысталды
Мектебіміздің оқушысы Асқарқызы Қәусар «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бағыты бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауына қатысып, шығармашылық белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Оқушымыздың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы – үлкен жетістіктердің бастауы. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекшісіне алғыс білдіреміз!
Ұлттық ойыннан үздік нәтиже
17
апрель
2026
Ұлттық ойыннан үздік нәтиже
Ынталы орта мектебінің оқушылары 9, 11 және 13 жас ерекшеліктері бойынша өткен Жетісу чемпионатында тоғызқұмалақтан жекелей сайыста өз бақтарын сынап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға ие болып, мектебіміздің мерейін үстем етті. Тоғызқұмалақ – терең ой мен ұқыптылықты талап ететін ұлттық зияткерлік ойын. Осындай жауапты додада оқушыларымыз өздерінің логикалық ойлау қабілетін, төзімділігі мен шеберлігін дәлелдей білді. Бұл жетістік – олардың тынымсыз еңбегі
«Балалар әлемінің жыршысы – Қастек Баянбаев»
29
апрель
2026
«Балалар әлемінің жыршысы – Қастек Баянбаев»
Құттықтаймыз!  Ынталы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Шаймарданұлы Нұрәлі «Балдырғандардың бабаны – Қастек Баянбаев» аудандық байқауында «Жырлайды жүрек» мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүлделі 1- орынға ие болды. Жетістігіңмен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз! 🌟 Жетекшісі Кешубаева Қарлығаш Кенжебайқызы сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегіңіздің арқасындажас ұрпақтың білімге деген құштарлығы артып, биік жетістіктерге жетуде.