Әкімшілік » Страница 2 » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Педагогикалық кеңес: бірлескен жұмыстың жаңа серпіні»
31
октябрь
2025
«Педагогикалық кеңес: бірлескен жұмыстың жаңа серпіні»
Мектепте педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында оқу-тәрбие жұмысының барысы мен нәтижелері жан-жақты талқыланып, алдағы уақытқа арналған міндеттер айқындалды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын арттыру бағытында құнды ұсыныстар айтып, бірлесе талдау жасады. Педагогикалық кеңес ұжымның бірлескен жұмысына жаңа серпін беріп, тың идеялардың жүзеге асуына жол ашты. Кеңесті мектеп директоры Басканбаева С.Д. ашып, мұғалімдерге оқу сапасын жақсарту, тәрбие жұмысын жетілдіру және
«Шексіз талант: жас суретшілер байқауы»
31
октябрь
2025
«Шексіз талант: жас суретшілер байқауы»
Ынталы орта мектебінде күзгі демалыс іс-шаралары аясында «Шексіз талант» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және олардың қиялы мен эстетикалық талғамын шыңдау болды. Оқушылар өз қылқаламдары арқылы шексіз сұлу әлемнің түрлі құбылыстарын бейнелеп, табиғат сұлулығын, ой-қиялдағы көріністерді және жан дүниелеріндегі сезімдерді ерекше көркемдікпен жеткізе білді. Әрбір жұмыс өзіндік идеясы, бояу үйлесімі және
«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
29
октябрь
2025
«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мектепте тоғызқұмалақ және дойбы ойындары ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Мұндай зияткерлік ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті. Сонымен қатар, сайыс кезінде оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынас орнатуына ерекше көңіл бөлінді. Әр қатысушы ойын
Республика күні – ұлт мерейін асқақтатқан мерекелік шара
24
октябрь
2025
Республика күні – ұлт мерейін асқақтатқан мерекелік шара
Республика күніне арналған іс-шара өтті Ынталы орта мектебі базасында Республика күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды күн елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін дәріптеп, жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухын қалыптастыруды мақсат етті. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталып, елеулі кезеңдерге шолу жасады. Патриоттық әндер шырқалып, жүректен шыққан өлеңдер оқылып, ұлттық нақыштағы әсем билер
Дамуға бағытталған диалог: директор сағаты
23
октябрь
2025
Дамуға бағытталған диалог: директор сағаты
Директор сағаты өткізілді‼️ 24 қазан күні сағат 15:00-де Ынталы орта мектебінде дәстүрлі директор сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Директор оқушыларға мектептегі тәртіп, оқу сапасы, қауіпсіздік, сабаққа қатысу және үйірме жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Өз кезегінде оқушылар мектеп өміріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын еркін
Сапалы тамақтану – басты назарда
23
октябрь
2025
Сапалы тамақтану – басты назарда
Мектеп асханасында бракераждық комиссияның жоспарлы тексерісі өтті Бүгін Ынталы орта мектебінің асханасында бракераждық комиссия тарапынан жоспарлы тексеріс жүргізілді. Комиссия құрамында қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сүлейменова Сәуле, ата-аналар комитетінің өкілі Берікболова Анар, сондай-ақ мектеп директоры Басқанбаева Сандуғаш болды. Тексеру барысында күнделікті ас мәзірінің құрамы, дайындалған тағамдардың сапасы, өнімдердің жарамдылық мерзімі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және
Мектеп президенті – жаңа есім, жаңа бастама!
17
октябрь
2025
Мектеп президенті – жаңа есім, жаңа бастама!
​ Ынталы орта мектебінде мектеп президентінің сайлауы өтті! Бүгін Ынталы орта мектебінде 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп президентін сайлау науқаны өз мәресіне жетті. Сайлау үдерісі ашық әрі демократиялық форматта өтіп, әр оқушы өз дауысын еркін білдіруге мүмкіндік алды. Үміткерлер өздерінің бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Оқушылар белсенді қатысып, болашақ президентке деген өз көзқарастарын дауыс беру арқылы білдірді. Дауыс
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда . Полиция қызметкерлерімен өткен пайдалы кездесу
15
октябрь
2025
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда . Полиция қызметкерлерімен
Бүгін мектебімізде Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары, полиция аға лейтенанттары  С.Р. Хаджимұратова мен Э. Мадьярова, және КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жасұлан Мұратұлы Рахиянов  оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, мектеп пен қоғамдағы тәртіп сақтау мәдениеті туралы түсінікті әрі маңызды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар
«Қамқорлық пен ізеттілік – жас ұрпақтың бойындағы асыл қасиет»
10
октябрь
2025
«Қамқорлық пен ізеттілік – жас ұрпақтың бойындағы асыл қасиет»
Қарттар күніне арналған онкүндік аясында 8-сынып оқушылары ауыл ақсақалы Несіпбек атаның үйіне барып, көмек қолын созды. Балалар атаның хал-жағдайын сұрап, үй шаруасына жәрдемдесті, аула тазалауға көмектесіп, қажетті істерін тындырып берді. Оқушылардың ықыласы мен қамқорлығына риза болған Несіпбек ата оларға өзінің өмірлік тәжірибесінен өнегелі әңгімелер айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті. Жылы лебіз бен ізгі тілектерге толы кездесу оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Олар үлкенге құрмет көрсетудің,
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті
10
октябрь
2025
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті Сәрсенбі күні мектебімізде магистрант мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті. 🎓✨ Тренинг барысында мұғалімдер сабақ жоспарын құрудың заманауи талаптары, оқу мақсаттарын нақты қою, бағалау критерийлерін тиімді пайдалану және сабақты түрлендіріп өткізудің жолдары жайлы жан-жақты талқылады. Қатысушылар түрлі практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар арқылы өзара