02
сентябрь
2025
2025–2026 оқу жылына арналған вариатив сабақтардың кестесі бекітілді
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты "Ынталы орта мектебі» мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025–2026 оқу жылына арналған вариатив сабақтардың кестесі бекітілді.
Аталған кесте оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға, білім беру сапасын арттыруға, педагогикалық ұжымның жұмысын жүйелі үйлестіруге және мектеп қызметінің барлық бағыттарын жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған.
2025–2026 оқу жылында мектеп ұжымы білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді, шығармашылық қабілеттерін дамытуды және қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруды басты мақсат етіп қояды.