«Көшбасшылыққа қадам: Парламент мүшелерін таныстыру»
Бүгін мектеп Парламентінің жаңа мүшелеріне куәлік табысталды. Бұл – оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырып, олардың мектеп өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды әрі қуанышты сәттердің бірі болды.
Жиын барысында оқушыларға Парламент мүшесі ретіндегі міндеттері түсіндіріліп, мектептегі тәртіп, мәдени іс-шаралар, оқушылардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Әрбір жаңа мүше мектептің дамуына өз үлесін қосуға дайын екендігін білдіріп, сенімге лайық болуға уәде етті.
Жаңа құрамға сәттілік тілейміз! Олар алдағы уақытта мектеп қауымдастығының белсенді көшбасшыларына айналып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға, мектеп өмірін жандандыруға, түрлі жобалар мен шараларды ұйымдастыруға атсалысатынына сенім мол.
Бұл маңызды қадам жас көшбасшылардың азаматтық позициясын қалыптастырып, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелейді.