11
ноябрь
2025
«Қиял мен білім: сандар әлемі»
Сурет арқылы сандар әлемін танып-білу
Бүгін біздің балабақшада балалар сандарды сурет салу арқылы үйренді. Әр бала түрлі-түсті бояулар мен крейдаларды пайдаланып, сандарға сәйкес бейнелерді қағазға түсірді. Мысалы, бір гүлге – бір, екі үйрекке – екі, т.с.с.
Ойын түріндегі бұл іс-шара балалардың математикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де шыңдайды. Сонымен қатар, балалар цифрларды есте сақтау, санау дағдыларын жетілдіреді.
Тәрбиешілер әр баланың еңбегін қолдап, олардың шығармашылықпен қоса білім алуын қамтамасыз етті. Балалардың көңіл-күйі көтеріңкі, әр сәті қызықты әрі пайдалы өтті.