09
сентябрь
2025
Тәрбие сағатындағы қысқа жаттығулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы хатына сәйкес білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу тапсырмалары енгізіліп, күнделікті сабақ кестесіне жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Аталған жаттығулар оқушылардың оқу барысындағы шаршауын азайтып, зейінін шоғырландыруға, жалпы дене дайындығын жақсартуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етті. Сонымен қатар, педагогтерге жаттығуларды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар беріліп, олардың орындалуы үнемі бақылауда ұсталды.