қыздар жинылысы
Педагог-ұйымдастырушы А.Асанова 5-11 сынып қыздарымен танысып, 2023-2024 оқу жылында қыздар ұйымының төрайымын сайлау керектігі жөнінде айтып, оған былтырғы оқу жылында сайланған 9- сынып оқушысы Абылғазы Нұрайды ұсынды. Тәртібі жақсы, қыздармен жұмыс жасай алатындығын айтып өтті. Алдағы қыздармен өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. 2.Қыздар төрайымы Абылғазы Нұрай қыз балалардың жеке жас гигиенасы туралы баяндама оқыды. Баланың жасынан денесін - шымыр, өзін - өнегелі етіп тәрбиелеу оның бүкіл келешек өміріне зор әсерін тигізеді. Ата - анасы кішкентайынан тазалыққа, тәртіпке, белгілі бір қалыпқа, шамасы келетін жұмысқа дағдыландыра отырып, перзентін көргенділікке үйретеді. Осы арқылы оның алдағы уақытта әр түрлі ағаттықтардан, жыныстық қабілеті жетіліп келе жатқан кезде - ұрыншақтықтан аулақ болуына көмектеседі. Мұның бәрін әсіресе қыз баланың тәрбиесінде ерте бастан ескерген жақсы. Өйткені ертеңгі күні ана болатын қыздардың денсаулығының дұрыстығы - болашақ ұрпақ денсаулығының кепілі деп өз сөзін қорытындылады. 3.Мектеп психологі Рита Мұратқызы сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты деп айтып өтті.