Ұлдар жиналысы өтті
12 қазан күні Отдела образования по Алаколскому району нде ұлдар жиналысы өтті. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқық бұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігін, сондай-ақ, дұрыс қарым-қатынас жасау, амандасу әдебі, түнгі уақытта көшеде жүрмеу, мотосикьл мінбеу, арақ-щарапқа, темекі сынды шегімдіктерге жоламау, ойын-сауық, албаты туған күн бас қосуларға бармау, бос уақыттарын тиімді пайдалану жайлы кеңес айтылды.
Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қаупсіздігі, телефонды дұрыс пайдалану тәртібі туралы түсіндірме жасалды. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Нүсіпқан, АӘД пән жетекшісі А.Нұрмұхамбетов, дене шынықтыру сабағының ұстазы Қ.Черубаев қатысты.