«Сөз мерген » атты мақал- мәтелдер сайысы
«Тіл-достықтың алтын көпірі» деп дана халқымыз тегін біліп, текке айтпаса керек. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды тана тіл арқылы қабылдап, үйрене, игере бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп меңгереді. Тіл осы тұрғыдан тіршіліктің тынысы, өмірдің айнасы, достықтың көпірі деп айтсақ бәріде жарасып тұр.
Тіл байлығы -әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Баға жетпес байлығы, құнды мұрасы екені даусыз. Осы тұрғыдан қыркүйек айында Отдела образования по Алаколскому району нде, тіл мәртебесін көтеру, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, дарынды жастарды қолдау мақсатында «Тіл-достықтың алтын көпірі» тақырыбында 6, 7, 8 сынып оқушылары арасында мақал-мәтел сайысы өтті.
Үш кезеңнен тұратын сайысқа түскен оқушылар өздерінің шын жүйріктігін таразыға салды. Үш кезеңнен сүрінбей өтіп, ұтымды ұпай жинаған жүйріктер марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша;
I орын: Қожақапан Айым
II орын: Рысбек Дария, Өмірсерік Арай
III орын: Сәрсенқызы Баян, Абылғазы Толғанай, Кадырхан Майра
Біз жүлдегерлерге жеңіс құтты болсын айтамыз. Ана тіліміздің айбыны асқақтай берсін!