«ОТАНЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ, МӘҢГІ ЕСІМДЕ ЕСІМІҢ!» мүшайрасының жеңімпазы анықталды
Жетісу облысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында «Отаным алтын бесігім мәңгі есімде есімің» атты облыстық ақындар байқауы өтті. Байқауды «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекет мекеме қызметкерлері ұйымдастырып жүргізді. Іс шараға 8 аудан, 2 қаладан 10 ақын келіп қатысып өз өнердерін ортаға салды.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының игері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистері академиясының академигі-Әміре Әрін, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі, ҚР-ның Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облысының бас ақыны, «Алатау» - қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филилалының директоры, ақын Жангелді Немеребай қатарлы ел құрметіне бөленген азаматтар қазылар алқасының құрамында ақындардың шығармаларына тиісті әділ бағаларын бергені байқаудың мерейін арттыра түсті.
Бірінші дәрежелі диплом 100 мың теңгелік бас жүлдені Алакөл ауданының ақыны Нүсіпқан Қадырсұлтан жеңіп алды. Екінші дәрежелі диплом әр қайсысы 80 мың теңгелік жүлделерге Талдықорған қаласының ақыны Кәлімқан Айдын мен Ескелді ауданының ақыны Құмарханұлы Салтанат ие болды. Үшінші дәрежелі диплом әр қайсысы 50 мың тегелік жүлделерге Панфилоа ауданының ақыны Ғапу Еркін мен Қаратал ауданының ақыны Қабыл Мұхтар ие болды.
Ақсу ауданының ақыны Ясын Ерлан, Кербулакский районның ақыны Дастанұлы Ақыт, Көксу ауданының ақыны Оразбай Айнұр, Сарқан ауданының ақыны Алтай Бақбер, Текелі қаласының ақыны Жаркын Абу қатарлы азаматтар Алғыс хат әр қайсысы 30 теңгелік марапатқа ие болды.
Біз Алакөл намысын қорғап, жүлдемен оралған әріптесіміз Қадырсұлтанды құттықтаймыз! Шығармашылығына толағай табыстар тілейміз.