Білім күні мерекесі құтты болсын! Бүгінгі қыркүйектің 1-ші жұлдызы әр адамға ыстық мереке. Өйткені ол - Білім күні, санаға сәуле түсетін сәт. "Тарыдай болып кірген мектептен таудай болып шығасың". Даналардан қалған осы бір сөйлемнің астарында қаншама салмақ, қаншама сүйіспеншілік сезімі жатыр. Ол әрине, білімге, алтын ұя мектебіңе деген тылсым құдірет, шексіз махаббат. Құрметті қазақ елі, Білім күні құтты болсын! Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге талмас қанат тілеймін! тау тұлғаларымыздың өнегелі жолдарын абыройлы жалғауды бұйыртсын. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына түскен жастарға таңдаған мамандықтарының хас шебері болуды тілеймін. Ата-аналар ұрпағының, ал ұстаздар шәкірттерінің биік-биік жетістіктерімен марқая түссе деп үміт күтеміз! Бүгін әр өңірде" Мектебім- мейірім мекені" тақырыбында тамаша білім күні мерекесіне арналған іс-шаралар өз деңгейінде тамаша өтті деген ойдамыз.Отдела образования по Алаколскому району нде де бұл мереке тамаша деңгейде аталып өтілді. Ендеше, білім күні баршамызға құт әкелсін. Ел аман, жұрт тыныш болғай!