16
июнь
2022
Қазақстан Республикасының электронды өнімдері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі келесі электронды өнімдерді әзірлеген:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған Tilqural.kz, Abai.institute, Tilmedia.kz, Balatili.kz порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған Emle.kz, Termincom.kz, Sozdikqor.kz, Qazcorpora.kz порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген Qujat.kz порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық Atau.kz базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін Qazlatyn.kz (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған Tilalemi.kz сайты.
Жоғарыда аталған электронды өнімдерді шағын орталықтың тәрбиешілеріне және мектеп мұғалімдері мен оқушыларына ұсынылады.