Химия пәні мұғалімі Бейсбекова Назгуль Токтамыскызы
Өмірбаян
Мен Бейсбекова Назгуль Токтамыскызы 1988жылы 14 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын 1994жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылындағы Үлгілі орта мектебіне бардым. Осы мектепті 2005 жылы тәмамдап, сол жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары факультеті, «химия» мамандығына түстім. Институтты 2009 жылы аяқтап, 2010жылы осы институттың оқу бөлімінде офис менеджер, әдіскер қызметтерін атқардым. 2012жылдың маусым айында өз еркіммен жұмыстан шығып, электронды сауда саласында жұмыс жасадым. 2013жылы 2рет шет мемлекеттерде болдым, Біріккен Араб әмірлігі, Дубай –демалу мақсатында, Турция, Анталия –жұмыс бабымен. 2013-2020жылдар аралығында 3қызыммен декреттік демалыста болдым. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Алматы облысы (қазіргі Жетісу), Алакөл ауданы, Ынталы ауылында Ынталы ортамектебінде химия пәні мұғалімі қызметін атқарамын.
Мен Бейсбекова Назгуль Токтамысқызы педагог модератор химия пәні мұғалімі өзімнің педагогикалық шеберлігімді арттыру мақсатында 2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтадым. Бұл курста мен жаңартылған білім беру бағдарламасын және оның құрылымын, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер мен критериалды бағалау жүйесін меңгердім. Оқыту мен оқу әдістерін, саралап оқытуды, кері байланыс және рефлексия беруді үйрендім.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар –рухани дамудың қайнар көзі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін мадақтама алдым. Бұл конференцияда «Информациятық технология –білім кеңістігінде» тақырыбында мақала жарияладым. Мақала жазу барысында іздендім. Білім берудің негізгі мақсатын жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және де уақытты үнемдеуге пайдасы мол.
«Халықаралық зерттеулердегі (PISA, TIMSS, PIRLS) қиындықтармен оны практикада шешу жолдары» атты семинар сабаққа қатыстым. 2022ж “Өрлеу “ Алматы қаласы.
«Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу» 08.2022
Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктері-н дамыту.7-9 сыныптардың қиын тақырыптары» атты 2 апталық курстан өттім. 26.09-07.10.2022ж
Мектеп және аудан аралық және әлеуметтік желілерде өткен семинарларда өз тәжірибеммен бөлістім.
Ауданаралық «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» семинарында онлайн режимде «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.
2021жыл қараша айында өткен Республикалық «Химия» Блиц турнирінен І-орын иелендім. «Daryn Online» платформасымен Qaztest.kz. олимпиада сайты бірлесіп, педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жеңімпазы. Бұл олимпидаларға қатысқан соң оқушыларды да офлайн олимпиадаларға қатыстырдым. www.tio.kz. Республикалық дәстүрлі олимпиада сайты химия пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасының жеңімпазы 8сынып оқушылары Ниязбекқызы және Бексан Зерде І-дәрежелі диплом иеленді.
2021-2022 оқу жылында Аудан аралық олимпиададан 9-сынып оқушысы Ниязбекқызы Балғын ІІІ-орын иеленді. Осы оқу жылында «Юниор» олимпиадасынан Жүнісбек Айбота ІІІ орын иеленді.