17
февраль
2021
Қаламың ұштала берсін!!!
Биыл –жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл (1846- 2021). Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпанның 28-жұлдызында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауында дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл атаны Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфулин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мұқанов еркелеген, Бауыржан Момышұлы құрметтеген, Мәлік Ғабдулин құшағына алған. Мұхтар Әуезов: « Жамбылақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бірі, әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған еді.
Аталмыш дата үшін ауданымызда "Жыр алыбы-Жамбыл" аудандық жас ақындар айтысында I орын иеленген Мұхаметқанұлы Қайсарды шын жүректен құттықтаймыз. Жетекшісі Г.Б.Елубаевананың сөзіне сүйенсек аламан бәйге оңайға соқпады. Қоңыр үн мен қара сөзді тапжылмай өру хас шебердің ісі. Қайсарға облыстық жас ақындар байқауында оза шабуды тілейміз!