Отдела образования по Алаколскому району нің тарихы
Отдела образования по Алаколскому району нің тарихы өзінің бастауын ертеректен алады. 1933 жылы Әмір Тиірменов ұжымшарды басқарып тұрғанда Жұманқұлов Кемелхан деген азамат үйінде балаларды оқыта бастады. 1934 жылы 4-сыныпқа дейін оқытатын шағын мектеп ашылып, онда Қабылхан Мерекенов, Кемелхан Жұманқұлов, Ақанбаев, Қабидолла Жиенбаев сынды мұғалімдер 1938 жылға дейін дәріс береді. 1940 жылы 9 бала төртінші сыныпты бітіреді.
1945- 1950 жылдары ауылда Мәден Тастанбеков мұғалімдік қызмет атқарды. 1950-1968 жылдар аралығында Мұхаметқан Төлегенов, Күлайса, Смағұл есімді мұғалімдер оқушыларды оқытты. 1968-1970 жылдары Атажанова Қатыш мектепті басқарып,балаларға дәріс берді.
1970 жылы Ынталы бастауыш мектебі жабылып, 1975 жылы қайта ашылды. Осы жылғы 1 қыркүйекте Ынталы бастауыш мектебі оқушылар қабылдады, оқушылар саны небәрі жеті бала болды. Сөйтіп, 1 қыркүйек күні Ынталы ауылында тұңғыш рет қоңырау үні естілді. Оқуды жоғары білімді, француз тілінің маманы, аға мұғалім Мәриям Егеубаева жүргізді. 1979-1981 жылдар аралығында сегіз жылдық мектептің директоры болып Сәкен Тұрысбеков тағайындалды.
1981-1984 жылдары он жылдық мектеп ашылып, оның директоры болып Адамбеков Тоқмұханбет тағайындалды. Он жылдық мектепті бірінші болып 15 түлек бітіріп шықты. 1984-1985 ж Отдела образования по Алаколскому району оқушыларынан көркем өнерпаздар оркестр құрылып,аудан.облыс,республика көлемінде өнерлерін көрсетіп,теледидпрға шыққан.Көркемдік жетекшісі алғашқы әскри дайындық мұғалімі Қорабаев Абдуали.Оркестр мүшелері Сейдіғалимов Алмас,Көбентаева Мира кдомөнерінен лауриат аталса,ән саласынан Басканбаева Қарлығаш лауриат аталды. Отдела образования по Алаколскому району нде БҒМ министрінің бекітілуімен Атажанова Қатыш,Шылғаубаева Дари «Аға мұғалім» атағы бар. Осы мектептен Чильдебаева С,Қанағатова О,Атажанова Қ.Жүмекенова Ш сынды білікті де білімді ұстаздар зейнеткерлікке шыққан.
1984 жылы білім ордасына Жақан Нұрахметов, 1987-1988 жылдары Дәри Шылғаубаева, 1993-2003 жылдары Бейсеш Станбеков, 2003-2006 жылдары Мәулен Адамбеков, 2006-2018жылдары Жакуов Талғат. 2018 ж жылдан қазіргі уақытқа дейін Басканбаева Сандуғаш мектеп директоры қызметін атқаруда.
Отдела образования по Алаколскому району нде қазір 171 оқушы оқиды, 16 бала мектепалды даярлық тобында білім алуда, шағын орталықта 20 бала тәрбиеленуде. Мектептен шыққан көптеген шәкірттер қазіргі уақытта аудан,облыс,республика көлемінде басшылық лауазымда отыр.