23-сәуір «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» атты аудандық семинар өткізілді. » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 23-сәуір «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» атты аудандық семинар өткізілді.
23
апрель
2021
0

23-сәуір «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» атты аудандық семинар өткізілді.

Сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» атты аудандық семинар өткізілді.
Аталмыш семинардың күн тәртібі:
1.«Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» атты аудандық семинардың өтуі туралы
ТЫҢДАЛДЫ: «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» атты аудандық семинар жоспарлынып өтті.
Семинардың тақырыбы:
Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Семинардың мақсаты:
Тәжірибе алмасу, ой бөлісу. Прaктикaлық тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыру. Сaбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуынa ықпaл жacaй отырып, білім сапасын арттыру.
Семинар бағдарламасына сәйкес мектеп директоры С.Д.Басканбаева семинердың ашылуына таныстырылым жасады. Таныстырылымда семинар бағдарламасымен таныстырды.
1-сабақ «Иіндік тепе-теңдік шарты» тақырыбында 7-сыныппен, физика-информатика пәні мұғалімі А.К.Даулетханова өткізді. Сабақты бастамас бұрын білім алушыларға жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін сабақты жылулық сәтімен бастады. Өткенді пысықтау: «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша негізгі анықтамалар презентация арқылы көрсетілді, оқушылар анықтамаға байланысты сұрақтар құрастырды. Оқушылар белсенді қатысты, әрбір дұрыс сқұрастырған сұраққа 1 баллдан қойылып, қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырылды.
Белсенді оқыту әдісінің «Зерделеу және зерттеу» түрін қолдануда «Кинометафора» әдісі арқылы «Иіндіктің тепе-теңдік шарты» бейне роликті көрсеттім, оқушылар бейне ролик бойынша тақырыпты ашты және мақсатты айқындады.
Оқушылар сабақ мақсатын айқындай отырып, жаңа тақырып бойынша мәтінді жалпылама оқи отырып «Мәтінмен жұмыс» жасады.
Саралау. Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» түрі арқылы «Сұрақ ілмегі» әдісін пайдаланып, иіндіктің тепе-теңдік шартын тұжырымдады. Сұрақтар: Иінтірек дегеніміз не?, Тіреу нүктесі деп нені айтады?, Күш иіні дегенді қалай түсінесің?, Иінтіректің тепе- теңдік шарты – дегеніміз не? деген сұрақтарға оқушылар дұрыс жауап беріп, әр сұраққа 2 баллмен бағаланып отырылды.
Бағалау. Жеке жұмыс. Белсенді оқыту әдісінің «Бекіту және қолданысқа енгізу» түрі арқылы иіндіктің тепе-теңдік шарты және күш моменті формулаларын қолданып есеп шығарады. Басқа оқушыларға өз жұмысы туралы түсіндіреді, талқылайды. Есеп дескрипторлар арқылы 3 баллмен бағаланды.
Сабақтың соңы Рефлексия. «БББ» кестесі бойынша жүргізілді.Үйге тапсырма берілді.
Сабақтың тиімділігі: Сабақта уақыт алдын-ала жоспарланған бойынша жүргізілді және тиімді қолданылды. Сабақ барысында әс-әрекеттердің барлығы жоспар бойынша жүргізіліп, әрбір кезең белгіленген уақытқа сай өтті. «ZOOM» платформасы, бейнебаян, слайд, жаңа топтық, зерттеу, ізденіс жұмыс түрлері қолданылды. Сабақ үстінде оқушылардың өзін-өзі бағалау әдісі қолданылды.
2-сабақ биология пәні мұғалімі П.Бадырай «Гүл құрылысы. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).»
Сабақты бастамас бұрын білім алушыларға жағымды атмосфера қалыптастырды. Өткенді пысықтау: Төрт сурет бір сұрақ” әдісі арқылы өсімдіктердің көбею түрлері қандай деген сұрақ қойылып өткен тақырып бойынша негізгі суреттер презентация арқылы көрсетілді, оқушылар суреттерге байланысты сұраққа жауап берді. Оқушылар белсенді қатысты, әрбір дұрыс жауапқа 2 баллдан қойылып, қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырылды.
Жаңа тақырыпты толық түсіндіру мақсатында «Гүл құрылысы» бейне роликті көрсеттім, оқушылар бейне ролик бойынша тақырыпты ашты және мақсатты айқындады.
Оқушылар сабақ мақсатын айқындай отырып, жаңа тақырып бойынша мәтінді жалпылама оқи отырып тапсырмаларды орындауға тырысты. Бірінші тапсырмада «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша гүл құрылысын анықтады, қалыптастырушы бағалауда гүл кұрылысын дұрыс атаса 5бал, гүл құрылысының өзіндік ерекшеліктерін ажырата алса 5 балдан қойылып отырды.
Саралау. Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» түрі арқылы «+ және -» әдісін арқылы гүлдің тозаңдануының өздігінен немесе айқас тозаңдану тұжырымдарын ажратты, бұл әдісте оқушылар өте белсенді болды, сұрақтарға оқушылар дұрыс жауап беріп отырды, әр дұрыс жауап 2 баллмен бағаланды.
Бағалау. Жеке жұмыс. Белсенді оқыту әдісінің «сұрақ жауап» әдісі арқылы сабақ мақсатына жеткен жетпегендері айқындалды, барлық оқушы жаңа сабақты толық түсініп сабақ мақсатына қол жеткізді.
Сабақтың соңы Рефлексия. «Рефлексия пирамидасы» бойынша жүргізілд, оқушылар мен үйренген үш мәлімет, мен көбірек білгім келген екі мәлімет, мен үшін қызықты болған бір мәлімет деп сабақтағы рефлексияларымен бөлісті.Үйге тапсырма берілді.
Сабақтың тиімділігі: Сабақта уақыт алдын-ала жоспарланған бойынша жүргізілді және тиімді қолданылды. Сабақ барысында іс-әрекеттердің барлығы жоспар бойынша жүргізіліп, әрбір кезең белгіленген уақытқа сай өтті, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс беріліп отырды. «ZOOM» платформасы, бейнебаян, слайд, жаңа топтық, зерттеу, ізденіс жұмыс түрлері қолданылды. Сабақ үстінде оқушылардың өзін-өзі бағалау әдісі қолданылды.
3-сабақ химия пәні мұғалімі Н.Т.Бейсбекова «Тұздар: жіктелуі, аталуы. Тұздардың химиялық қасиеттері. №9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»
Сабақты бастамас бұрын білім алушыларға жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін сабақты ән тындап көңіл көтеріп бастады. Өткен тақырыптар: кышкыл, оксид, негіздердің ережелерін еске түсіріп, берілген қосылыстардың ішінен тұзды тауып Al2O3, CuSO4, СаО, HNO2, КOH ережесін құрады, оқушылар анықтамаға байланысты сұрақтар құрастырды. Оқушылар белсенді қатысты, әрбір дұрыс ережеге 1 баллдан қойылып, қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырылды.
Сабақтың мәселелі- шығармашылық құрылымы мына кезеңдерден тұрды:
1.Ұйымдастыру кезеңі,
Әннің аты арқылы жаңа терминді үш тілде айтады (2 минут)
2. Жаңа сабаққа кіріспе. Өткен сабақпен байланыс (3 минут)
3. Сабақтың ортасы «Жалғасын тап» әдісі арқылы тұздардың ережесін құру.(4 минут) Зертханалық тәжірибе (8 минут)
4. Сабақты қорытындылау кезеңі (2 минут)
5. Кері байланыс кезеңі (1 минут)
Белсенді оқыту әдісінің «Зерделеу және зерттеу» түрін қолдануда «Bilim land сайтынан Тұздар. №9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы» тақырыбында бейне-зертхана роликті көрсеттім, оқушылар бейне ролик бойынша зертханалық жұмыстың нәтижесін болжап, мақсатты айқындады.
Сабақта оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұжымдық, жеке ойын элементтері қолданылды. Сабақ үстінде оқушылар өз-өзін бағалау, қалыптастырушы бағалау, зерттеу жұмыстарын жасады.
Сабақ барысында алдыңғы оқуды оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында топпен бірге жұмыс жасалды. Бағалау. Жеке жұмыс. Белсенді оқыту әдісінің «Тәжірибе жасау және оны қолдану» түрі арқылы реакцияның журу шартын көрсетіп, реакция теңдеулерін жазады. Әр тапсырма дескрипторлар арқылы 3 баллмен бағаланды.
Сабақтың соңы Рефлексия. Берілген сөздер арқылы сабақтан алғандарын ауызша айтады.Үйге тапсырма берілді.
Сабақтың тиімділігі: Заманауи технологияны және жаңартылған білім мазмұнын оқыту технология элементтерін қолдана отырып оқыту, сабақта уақыт алдын-ала жоспарланған бойынша жүргізілді және тиімді қолданылды. Сабақ барысында әс-әрекеттердің барлығы жоспар бойынша жүргізіліп, әрбір кезең белгіленген уақытқа сай өтті. «ZOOM», «OnlineMektep» платформасы, бейнебаян, слайд, кесте , зертхана түрлері қолданылды. Сабақ үстінде оқушылардың өзін-өзі бағалау әдісі қолданылды.

«Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында Үшарал қаласы С.Иманасов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі А.Е.Нүкебаева шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта өз тәжірибесімен бөлісті.
Келесі кезекте 7-сыныппен Жанама қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі К.Д.Абдрахманова «Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік» тақырыбында жаңа сабақ өтті. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында оқушыларға «Google формасында» дайындалған тест сұрақтарының сілтемесі берілді. Сабақтың ортасында «Гүлдің құрылысы және тозандану» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі. 1-тапсырма. «Құрастыр» , 2- тапсырма. «Сәйкесін - тап», 3-тапсырма. «Дұрыс – бұрыс» әдістерін қолданса, сабақтың соңында 4 -тапсырма. «Биологиялық диктант» әдісін қолданды.
8-сыныппен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім: Тоқтыбаева Ж.Ж. «Театр өнері» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.Сабаққа дейін: сабақтың құндылығы туралы айтып өтті. Қазақ тілі ана тілі болғандықтан әрбір тілдік элементтерді білу парыз екендігін түсіндіріп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.
Сабақ кезінде: Сабақ мазмұнын ашуда бір шумақ өлең беріп әртүрлі эмоциямен оқытты. «Өмірдің өзі – театр» пікірін басшылыққа алып, кіріктірлеген әдебиет пәнімен байланыстырды. Сабақ барысында prezi.com бағдарламасы арқылы театрландырылған қойылымдар мен суреттерді шығарып отырды. Ерекше анимациялармен қызығушылық оятты және «миға шабуыл» әдісі тиімді қолданылды.
Сәтті өткен тұстары: prezi.com бағдарламасы арқылы оқушыларды қызықтыра алды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жазылым, айтылым тапсырмаларын орындату оңайырақ болды.
5-сыныппен «Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі А.Т.Ахванова жаңа сабақ өткізді. Сабақ басында «Ой шақыру» әдісі бойынша оқушылар Темір дәуіріндегі тайпалық одақтардың картадан орналасу аймағын анықтады. Сабақ барысында мәтінмен жұмысты «learningapps» бағдарламасы арқылы . «Сөйлемді толықтыр» әдісі қолданылды. ұйымдастырдыСабақ соңында «ҚҚҚ» кері байланыс жасалды.
Семинар қорытындысында мектеп тренері С.М.Сулейменова «Оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында семинарға қатысушы ұстаздармен кері байланыс жүргізді. Кері байланыс «ZOOM» платформасында ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив