Мұғалімдер - Ынталы орта мектебі https://yntaly-alakol.mektebi.kz/ ru Мұғалімдер - Ынталы орта мектебі DataLife Engine «Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі» https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/12/02/zdens-pen-ebekt-zhems-ajalany-zhes.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/12/02/zdens-pen-ebekt-zhems-ajalany-zhes.html Республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Оразбекқызы Аяла жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II орын иеленді! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің жемісі.

Аяланың бұл жетістігі – оның ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы, тиянақтылығы мен талпынысының, сондай-ақ жетекшісі Алтынай Талғатқызының кәсіби бағыт-бағдары мен үздіксіз қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Жоба мазмұны, зерттеу әдісі мен қорғау деңгейі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, 100 ұпайдың 88-ін жинады.

Бұл табыс – оқушының да, жетекшінің де еңбегінің лайықты нәтижесі.

Аяла мен жетекшісіне алдағы ғылыми ізденістерінде толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Ғылым жолындағы әр қадамдары жемісті болсын! 🌟

]]>
Республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Оразбекқызы Аяла жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II орын иеленді! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің жемісі.

Аяланың бұл жетістігі – оның ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы, тиянақтылығы мен талпынысының, сондай-ақ жетекшісі Алтынай Талғатқызының кәсіби бағыт-бағдары мен үздіксіз қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Жоба мазмұны, зерттеу әдісі мен қорғау деңгейі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, 100 ұпайдың 88-ін жинады.

Бұл табыс – оқушының да, жетекшінің де еңбегінің лайықты нәтижесі.

Аяла мен жетекшісіне алдағы ғылыми ізденістерінде толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Ғылым жолындағы әр қадамдары жемісті болсын! 🌟

]]>
admin Tue, 02 Dec 2025 23:20:17 +0600
«Сахнадағы шеберлік – Бас жүлдемен бағаланды!» https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/11/21/sahnaday-sheberlk-bas-zhldemen-baalandy.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/11/21/sahnaday-sheberlk-bas-zhldemen-baalandy.html Облыстық «Театр – тәрбие бастауы» атты театр байқауынан БАС ЖҮЛДЕ! 🏆

Мектебіміздің театр ұжымы облыстық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шығып, Бас жүлдені жеңіп алды! Бұл – ұжымның кәсіби шеберлігін, ынтымағы мен бірлігін көрсеткен зор жетістік.

Оқушылар сахнада өз рөлдерін үлкен жауапкершілікпен орындап, көркем образдарды нанымды жеткізе білді. Сахналық қойылымдағы эмоциялық тереңдік, актерлік қабілет, мәтінді шебер игеру және командалық жұмыс ерекше бағаланды.

Бұл жеңіс – жас өнерпаздардың талпынысы мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі. Театр жетекшісінің бағыт-бағдары, дайындық барысындағы табандылық пен шығармашылық ізденіс жеңіске жол ашты.

Шығармашылық топқа зор алғыс айтамыз!
Алдағы уақытта да биіктерді бағындырып, өнер жолында жарқырай берейік!

]]>
Облыстық «Театр – тәрбие бастауы» атты театр байқауынан БАС ЖҮЛДЕ! 🏆

admin Fri, 21 Nov 2025 23:08:16 +0600
Республика күні – ұлт мерейін асқақтатқан мерекелік шара https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/24/respublika-kn-lt-merejn-asatatan-merekelk-shara.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/24/respublika-kn-lt-merejn-asatatan-merekelk-shara.html Республика күніне арналған іс-шара өтті

Ынталы орта мектебі базасында Республика күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды күн елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін дәріптеп, жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухын қалыптастыруды мақсат етті.

Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталып, елеулі кезеңдерге шолу жасады. Патриоттық әндер шырқалып, жүректен шыққан өлеңдер оқылып, ұлттық нақыштағы әсем билер көрсетіліп, мерекелік көңіл-күйді ерекше көтерді.

Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, Республика күні ел бірлігі мен тұтастығын айшықтайтын маңызды мереке екенін атап өтті. Сонымен қатар оқушыларды Отанды сүюге, елдің дамуына үлес қосатын саналы азамат болуға шақырды.

Мерекеге орай өткізілген сурет және эссе байқауларының жеңімпаздары марапатталып, оларға мадақтама қағаздары мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті.

Жалпы, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр қатысушыға ерекше рухани әсер қалдырды.

https://www.instagram.com/reel/DQMm2-_jCib/?igsh=bjMyZHE5ZjV6cjQ1
]]>
Республика күніне арналған іс-шара өтті

admin Fri, 24 Oct 2025 14:10:48 +0600
Дамуға бағытталған диалог: директор сағаты https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/23/damua-bayttalan-dialog-direktor-saaty.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/23/damua-bayttalan-dialog-direktor-saaty.html Директор сағаты өткізілді‼️

24 қазан күні сағат 15:00-де Ынталы орта мектебінде дәстүрлі директор сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.

Директор оқушыларға мектептегі тәртіп, оқу сапасы, қауіпсіздік, сабаққа қатысу және үйірме жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Өз кезегінде оқушылар мектеп өміріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын еркін қойды. Әрбір пікір назарға алынып, тиісті бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл ашық форматтағы кездесу оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасындағы байланыс орнатуға, өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

Мақсат — оқушылармен ашық диалог құрып, мектеп дамуына бірлесе үлес қосу!

]]>
Директор сағаты өткізілді‼️

admin Thu, 23 Oct 2025 14:04:26 +0600
Өнер — ұлттың асыл қазынасы https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/17/ner-ltty-asyl-azynasy.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/17/ner-ltty-asyl-azynasy.html Өнер — ұлттың асыл қазынасы

Ынталы орта мектебінде эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өнер — ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Шараға пән мұғалімдері, жас мамандар және мектеп ұжымы қатысып, өнер арқылы тәрбие берудің өзекті мәселелерін талқылады.

Семинар барысында ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, эстетикалық тәрбие берудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Музыка, бейнелеу өнері, қолөнер және басқа да шығармашылық пәндердің оқушы тұлғасын қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды. Мұғалімдер оқушыларды ұлттық өнерге баулудың заманауи жолдарын көрсетіп, авторлық жұмыстарын, әдістемелік материалдарын таныстырды.

Қатысушылар топтық және шығармашылық жұмыс түрлеріне белсене қатысып, өнердің адам жанын тәрбиелейтін құдіретін, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызын ерекше атап өтті. Семинар қорытындысында өнер пәндерінің оқушылардың рухани әлемін байытуға, олардың ұлттық болмысын сақтауға қосар үлесі зор екені тағы бір мәрте айқындалды.

Өнер — рухтың айнасы, ұлттың мәңгілік мұрасы!

https://www.instagram.com/reel/DP52cN5DOr-/?igsh=MXFvaXIzYmZraXptYQ==
]]>
Өнер — ұлттың асыл қазынасы

admin Fri, 17 Oct 2025 13:11:28 +0600
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда . Полиция қызметкерлерімен өткен пайдалы кездесу https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/15/oushylardy-aupszdg-basty-nazarda-policija-yzmetkerlermen-tken-pajdaly-kezdesu.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/15/oushylardy-aupszdg-basty-nazarda-policija-yzmetkerlermen-tken-pajdaly-kezdesu.html Бүгін мектебімізде Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері –
ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары, полиция аға лейтенанттары  С.Р. Хаджимұратова мен Э. Мадьярова,
және КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жасұлан Мұратұлы Рахиянов  оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, мектеп пен қоғамдағы тәртіп сақтау мәдениеті туралы түсінікті әрі маңызды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар буллингтің зардабы, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі қауіпті әрекеттерден сақтану жолдары кеңінен сөз болды.

Полиция қызметкерлері нақты өмірлік жағдайлардан мысал келтіре отырып, заң талаптарын бұзудың салдары мен әр азаматтың қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы рөлін түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырып, олардың дұрыс бағытта ойлануына, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуіне зор ықпал етеді. Мектебіміз құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесін әрдайым басты назарда ұстайды.

]]>
Бүгін мектебімізде Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері –

admin Wed, 15 Oct 2025 12:57:42 +0600
«Мақтанышқа толы апта: білім, өнер және спорттағы табыстар» https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/14/matanysha-toly-apta-blm-ner-zhne-sporttay-tabystar.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/14/matanysha-toly-apta-blm-ner-zhne-sporttay-tabystar.html

Апталық жиында алдыңғы аптаның қорытындысы жарияланып, оқушыларымыздың білім, өнер және спорт бағытындағы жетістіктері аталып өтті.

«Мизам» жылжымалы әдеби жарысында Қожақапан Айым өзінің шығармашылық қабілетімен танылып, жеңімпаз атанды. Бұл – мектеп үшін үлкен мақтаныш.

Сонымен қатар облыс көлемінде ұйымдастырылған тоғызқұмалақ жарысына қатысқан оқушылар да жоғары нәтиже көрсетті.

  • Өмірсерік Мақтаулы – III орын,

  • Шаймарданқызы Аяжан – III орын,

  • Жүнісбек Маржан – II орын иеленіп, ұлттық ойынды дамытуға қосқан үлестерін көрсетті.

Аудандық оқушылар арасында өткен “Жас Ұлан” әскери ойынында мектебіміздің командасы III орын алып, дайындығы мен шеберлігін дәлелдеді! 🇰🇿👏

Жарысқа қатысып, мектеп абыройын асқақтатқан барлық оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық ойындарымызды дәріптеп, отансүйгіш рух пен жігерді арттыра берейік!

admin Tue, 14 Oct 2025 11:04:33 +0600
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/10/zhosparly-saba-blm-sapasyny-negz-atty-trening-saba-tt.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/10/zhosparly-saba-blm-sapasyny-negz-atty-trening-saba-tt.html «Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті

Сәрсенбі күні мектебімізде магистрант мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті. 🎓✨

Тренинг барысында мұғалімдер сабақ жоспарын құрудың заманауи талаптары, оқу мақсаттарын нақты қою, бағалау критерийлерін тиімді пайдалану және сабақты түрлендіріп өткізудің жолдары жайлы жан-жақты талқылады. Қатысушылар түрлі практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар арқылы өзара тәжірибе алмасты.

Сабақтың негізгі мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жоспарланған сабақтың білім сапасына тікелей әсер ететінін түсіндіру болды. Тренингке қатысушылар жаңа идеялармен бөлісіп қана қоймай, оларды өз тәжірибесінде қалай қолдануға болатыны туралы нақты ұсыныстар алды.

Шара нәтижелі өтіп, мұғалімдер үшін кәсіби дамуға тың серпін берді. Қатысушылар мұндай тренингтердің педагогтердің әлеуетін көтеруге және оқу процесінің сапасын жақсартуға зор ықпал ететінін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DPnYKtZjBbO/?igsh=eXRwb2ZicG9oYnJmу
]]>
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті

admin Fri, 10 Oct 2025 10:25:44 +0600
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі! https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/09/tarih-tkenn-z-bolashaty-rges.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/09/tarih-tkenn-z-bolashaty-rges.html Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!

Бүгін аудандық Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы музейге тарих пәнінің мұғалімі Айтмухамбетова Динара мен 10-сынып оқушысы Өмірсерік Арай барып, ғылыми жоба жұмысына байланысты құнды ақыл-кеңес алды. 

Музей жетекшісі А.А. Аханова тарихи деректер мен материалдар жайлы мағыналы мәліметтермен бөлісіп, зерттеу жұмысының бағыттарын нақтылауға көмектесті.

Осындай сапарлар – жас зерттеушілерге өткен тарихымызды терең тануға, ұлттық құндылықтарды бағалауға жол ашады. @mynbaiuly_murazhay 
https://www.instagram.com/reel/DPkjeduCLkj/?igsh=MnlucmFzOWkycjQy
 
]]>
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!

admin Thu, 09 Oct 2025 19:13:26 +0600
Ұстаздар күні құтты болсын! https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/04/stazdar-kn-tty-bolsyn.html https://yntaly-alakol.mektebi.kz/2025/10/04/stazdar-kn-tty-bolsyn.html Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз, шәкірттерге бағыт-бағдар берудегі ынта-жігерлеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздердің мейірімдеріңіз, сабырларыңыз бен талапшылдықтарыңыз әрбір оқушының болашағын жарқын етуге зор үлес қосуда.

Ұстаз – жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, олардың өмірлік ұстанымын қалыптастыратын тұлға. Осы жолда көрсеткен еңбектеріңіз елеулі, атқарған қызметтеріңіз – ел ертеңінің іргесін бекемдейді.

Өз еңбектеріңіздің жемісін көріп, шығармашылық табысқа кенеле беріңіздер. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке, әр күніңізге шаттық тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы – сіздерге ең үлкен марапат.

Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!

https://www.instagram.com/reel/DPRaLYsjUMm/?igsh=bTdqMnVhZTRvYzBp
https://www.instagram.com/reel/DPSDqpXjEe6/?igsh=eTlnbGltd2dtanQ0
https://www.instagram.com/reel/DPZMY94DNDf/?igsh=bzFiN3dxZ2dna2Nu

]]>
Құрметті ұстаздар!

admin Sat, 04 Oct 2025 18:45:13 +0600